Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» «Ордабасыға» есе жіберді

2021 жылдың 22 маусым 2021 21:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он жетінші туры басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы ойында елордада «Астана» Шымкенттің «Ордабасы» клубымен шеберлік байқасты.

Кездесу барысында шымкенттік клуб бірінші кезеңнің өзінде алаң иелері қақпасына екі гол соғып үлгерді. Алдымен 21-минутта Бағдат Қайыров «Астана» қақпашысын қапы қалдырса, одан кейін 24-минутта Жоао Паоло есепті үстемелей түсті.

Екінші кезеңде тізгінді елордалық команда өз қолына алуға тырысты. Десе де оларға сәттілік жетіспей жатты. Кездесуде «Астана» қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберді.

Еске салсақ, бүгін аталған турда тағы екі ойын өткізіледі. Дәл қазір Оралда «Ақжайық» пен Қарағандының «Шахтер» арасындағы кездесудің екінші, «Ақтөбе» мен «Қызылжар» ойынының бірінші кезеңі өтуде. Әзірге есеп 0:0.

Ал 23 маусымда 18.00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Атырау», 19.00-де «Қайрат» (Алматы) мен «Каспий» (Ақтау), 20.00-де «Тараз» бен «Тұран» (Түркістан) ойындары болады. Бұл турды 21.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тобыл» (Қостанай) кездесуі түйіндейді.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай