Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Ақтөбе» жеңілістер сериясын тоқтатты

2021 жылдың 9 мамыр 2021 18:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің оныншы турында тағы бір ойын мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл кездесуде Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» клубы «Ақтөбені» қабылдады.

Ойын барысында есепті алғаш болып алаң иелері қатарынан Равиль Атыханов 6-минутта ашқан болатын.

Одан кейінгі кезекте «Ақтөбе» сапынан Юрий Перцух 10, Игорь Сергеев 31, 71, 74, Боян Дубайчич 60-минутта гол соғып, олар ірі есеппен жеңіске жетті.

«Ақтөбе» алаң иелерін 5:1 есебімен жеңді.

Осылайша ақтөбелік ұжым төрт ойынға созылған жеңілістер сериясын тоқтатты. Осындай сәтсіздіктен кейін өткен турда олардың бапкері Алексей Бага қызметінен кетті.

«Жетісу» жеңілістер сериясын бес ойынға жеткізді. Турнир кестесінде ең соңғы орында тұр.

Бүгін тағы екі ойын өткізіледі. Дәл қазір Қостанайда «Тобыл» командасы «Атыраумен» кездесуде. Әзірге есеп 0:0.

Ал елорда уақытымен сағат 20.00-де Түркістанда жергілікті «Тұран» және Петропавлдың «Қызылжарымен» кездеседі.

Айта кетейік, аталған турдағы төрт ойын 8 мамыр күні өткізілді.

Сол күні өз алаңында Қызылорданың «Қайсары» Оралдың «Ақжайығынан», «Тараз» елордалық «Астанадан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды .

Ал Алматының «Қайраты» Қарағандының «Шахтерімен» 1:1, Ақтаудың «Каспийі» Шымкенттің «Ордабасы» клубымен 0:0 есебімен тең түсті.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Ақтөбе облысы,
Жоғары қарай