Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан еуропа чемпионаты: Швейцария Түркиядан басым түсті

2021 жылдың 20 маусым 2021 23:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңі үшінші турында Швейцария мен Түркия кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, аталған екі құрама А тобында сынға түседі. Қарсыластары – Италия мен Уэльс.

Алғашқы турда Швейцария құрамасы Уэльспен 1:1 есебімен тең түссе, екінші турда Италияға 0:3 есебімен есе жіберді.

Ал Түркия Италиядан 0:3, Уэльстен 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Швейцария мен Түркия бұған дейін 17 мәрте кездесті. Оның 5-еуінде швейцариялықтар жеңіске жетіп, 9-ында түркиялықтар басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді

Бүгінгі ойында швейцариялықтар бірден алға ұмтылды. Олардың белсенділігі көзге көрініп тұрды. Ойынның 6-минутында Харис Сеферович есеп ашса, 26-минутта Шердан Шакири Швейцарияның басымдығын арттырды.

Түркиялық Ирфан Кахведжи 62-минутта мергендігімен көзге түсіп, есеп айырмасын қысқартты. Шердан Шакири 68-минутта тағы бір мәрте көзге түсті.

Кездесуде Швейцария қарсыласын 3:1 есебімен басым түсті. Осылайша жарыстың келесі сатысына жолдама алды.

Енді 1/8 финал ойындары 26-29 маусым күндері өткізіледі.

Ойындар дүбірлі дода тарихында тұңғыш рет Еуропаның 10 мемлекетінде орналасқан 11 стадионда өтуде. Бұл Еуропа чемпионатының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.

Футболдан Еуропа чемпионаты 11 маусымда басталды, 11 шілдеде мәресіне жетеді.



Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Әлем, Спорт,
Жоғары қарай