Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Еуропа чемпионаты: Австрия Солтүстік Македонияны үшінші мәрте жеңді

2021 жылдың 14 маусым 2021 00:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысында Австрия мен Солтүстік Македония құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған екі команда С тобында сынға түседі. Қарсыластары - Нидерланды және Украина құрамалары.

Екі құрама бұған дейін екі мәрте шеберлік байқасқан. Екеуінде де австриялық футболшылар басым болды.

Солтүстік Македония Еуропа чемпионатының финалдық сатысына тұңғыш рет жолдама алып отыр. Алғашқы ойынында жеңіске жете алған жоқ.

Бүгінгі ойын қос құраманың алма-кезек шабуылымен өрбіді. Кездесуде екеуі де жеңіске жетуге жақын тұрды. Десе де австриялық құрама өзінің тәжірибесі мол екенін көрсетті.

Алдымен Австрия сапынан Штефан Лайнер 18-минутта есеп ашқан еді. Одан кейін олардың қарсыластарынан Горан Пандев 28-минутта таразы басын теңестірді. Ал австриялық Михаэль Грегорич 78, Марко Арнаутович 89-минуттарда қос гол соғып, қорытынды есепті белгіледі.

Айта кетейік, аталған топтағы Нидерланды және Украина кездесуі елорда уақытымен 00.50-де басталады.

С тобындағы келесі тур ойындары 17 маусым күні ойналады. Бұл күні Нидерланды мен Австрия, Украина мен Солтүстік Македония кездеседі.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай