Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Чемпиондар лигасы: Финалға жолдама алған 2 команда анықталды

2021 жылдың 6 мамыр 2021 02:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Чемпиондар лигасы финалына жолдама алған екінші команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы «Челси» (Англия) мен «Реал Мадрид» (Испания) командалары кездесті.

Жартылай финалдың алғашқы ойынында командалар 1:1 есебіне қанағат білдірген болатын. Сондықтан бүгін екі команданың бірі жеңіске жету жолын іздеуі тиіс еді.

Ойын барысында ағылшындық клубтың басымдығы айңғарылып тұрды. Қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Нәтижесінде 28-минутта «Челси» шабуылшысы Тимо Вернер мергендік танытты. Бұдан кейін қос команданың есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндігі болды.

Ойынның 85-минутында ағылшындық клубтың тағы бір ойыншысы Мейсон Маунт қорытынды есепте белгіледі. Осылайша «Челси» қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Қос ойынның нәтижесімен олар финалға жолдама алды.

Естеріңізге сала кетелік, жартылай финалдың тағы бір жұбында Англияның «Манчестер Сити» клубы Францияның «Пари Сен-Жерменін» (2:0, 2:1) орта жолда қалдырып кетті.

Енді 29 мамырда UEFA Чемпиондар лигасының финалы ағылшындық қос клуб кездеседі. Ойын Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Олимпиадалық стадионда болады.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай