Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды

2020 жылдың 16 шілде 2020 02:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - FIFA футболдан 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Топтық кезеңнің алғашқы ойыны 21 қараша күні Әл-Хор қаласындағы «Әл-Байт» стадионында өткізіледі. Кездесу жарыс қожайыны - Катар және дүбірлі додада А тобында сынға түсетін құрама арасында болады. Бұл арена 60 мыңнан астам жанкүйерге арналған. Онда топтық кезеңдегі және жартылай финалдағы бір ойын болады.

Топтық кезеңдегі ойындар 12 күнге созылады. Дүбірлі додаға жолдама алған құрамалар 21 қараша мен 2 желтоқсан аралығында топтық кезеңде сынға түседі. Әр күнде төрт ойыннан өткізіледі. Ойындар елорда уақытымен 16.00, 19.00, 22.00, 01.00-де болады. Ал үшінші тур мен плей-офф ойындары елорда уақытымен 21.00, 01.00-де өткізіледі.

Ал құрамалар 1/8 финалда 3-6, ширек финалда 9-10 желтоқсан күндері өзара кездеседі. Жартылай финал 13 және 14 желтоқсанға жоспарланған. Финал 18 желтоқсанда Лусаил қаласындағы 86 мың адамды қабылдай алатын ұлттық стадионда болады.

Бұдан бұрын Чемпиондар лигасы ширек финалының жеребесі тартылды.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Әлем,
Жоғары қарай