Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Футбол: «Жетісу» мен «Тобыл» тең түсті

2020 жылдың 14 наурыз 2020 16:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елімізде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі екінші турының екі ойыны өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл турдағы негізгі ойынның бірі Талдықорғанның «Жетісу» және Қостанайдың «Тобыл» командалары арасында болды. Мамандар биыл екі команда жүлделі орындарға таласады деген болжам жасап отыр. Сондықтан бұл кездесу тартысты өтетіні белгілі еді. Ойын барысы да солай өрбіді. Қос клуб та шабуыл шебінде жиі бой көрсетті. Десе де ойында 0:0 есебі тіркелді.

Ал Павлодарда жергілікті «Ертіс» Петропавлдің «Қызылжарымен» жасыл алаңға шықты. Премьер-лигадағы үздіктер қатарына биыл ғана қосылған петропавлдық клуб алаң иелеріне лайықты қарсылық көрсетуге тырысты. Нәтижесінде 18-минутта «Қызылжар» сапынан Александр Соколенко есеп ашса, оған 42-минутта «Ертіс» қатарынан Карлос Фонсека бір голмен жауап қайырды. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Екінші турдағы қалған ойындар 15 наурыз күні өткізіледі. Бұл күні «Каспий» мен «Астана», «Оқжетпес» пен «Қайсар», «Тараз» бен «Ордабасы», «Шахтер» мен «Қайрат» командалары кездеседі.

Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан футбол федерациясы спорттық іс-шараларды тоқтатып , коронавирус өаупінің алдын-алу мақсатында Премьер-лига ойындары жанкүйерсіз өтетін болды. Сондай-ақ, Футболдан Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі кейінге шегерілді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920