Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Футбол: «Тараз» «Ордабасы» командасынан басым түсті

2020 жылдың 15 наурыз 2020 18:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елімізде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі екінші турының тағы екі ойыны аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетауда жергілікті «Оқжетпес» Қызылорданың «Қайсар» командасын қабылдады. Алаң иелері бұдан бұрынғы екі турда жеңілсе, қызылордалық футболшылар бірінші турда үш ұпай олжалаған еді. Бүгінгі кездесудің тағдырын жалғыз гол шешті. Оны 10-минутта «Қайсардың» шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзе өзінің еншісіне жазды. Айта кетерлігі, ол бірінші турда да мергендік танытқан болатын. Кездесуде «Қайсар» 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы турда жеңілістің ащы дәмін татқан «Тараз» өз алаңындағы Шымкенттің «Ордабасы» клубымен кездесуде тәп-тәуір ойын көрсетті. Бірінші кезеңде шымкенттік футболшылар өз қақпасына екі гол соғып алды. Александр Симчевич 4-минутта автогол иесі атанса, Александр Клещенко 33-минутта дәл солай мүлт кетті. Үшінші кезең басталғаннан кейін 47-минутта тараздық Абзал Таубай есепті үстемелей түсті. Ал 58 және 69-минуттарда алаң иелері қақпасына пенальти белгіленді. Оны «Ордабасы» ойыншысы Абдуллай Диакате мүлт жіберген жоқ. Ойында «Тараз» 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Дәл қазір бірінші кезеңнен кейін Ақтауда «Каспий» елордалық «Астанадан» 0:3 есебімен жеңіліп жатса, Қарағандының «Шахтері» Алматының «Қайратынан» 1:0 есебімен басым түсуде.

Кеше «Жетісу» - «Тобыл» командалары 0:0, «Ертіс» - «Қызылжар» командалары 1:1 есебімен тең түсті.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай