Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Футбол: «Ордабасы» өз алаңында «Шахтерден» жеңіліп қалды

2020 жылдың 1 шілде 2020 22:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының үшінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турдағы соңғы екі ойынның бірі Қызылорда қаласында өтті. Жергілікті «Қайсар» клубы «Тараз» командасын қабылдады. Бұл кездесуде алаң иелері қатарынан 41-минутта Думан Нәрзілдаев есеп ашса, 49-минутта «Тараз» ойыншысы Тони Сильва таразы басын теңестірді. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Ал Шымкентте «Ордабасы» командасы Қарағандының «Шахтерін» қабылдады. Бұл кездесуде қарағандылық клуб сапынан 64-минутта Жереми Манзорро соққан жалғыз гол кездесу тағдырын шешті. «Шахтер» 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ, бүгін тағы үш ойын өткізілді. «Қайрат» «Жетісуды» 3:0, «Қызылжар» «Оқжетпесті» 3:1, «Тобыл» «Каспийді» 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Енді 4-тур ойындары 5 шілдеде өтеді. Бұл турда «Жетісу» мен «Ордабасы», «Тараз» бен «Оқжетпес», «Шахтер» мен «Қайсар», «Тобыл» мен «Астана», «Каспий» мен «Қайрат» командалары кездеседі.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай