Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футбол: Катарда өтетін әлем чемпионатының кестесі жарияланды

2020 жылдың 16 шілде 2020 14:05

НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2022 жылы Қатарда өтетін әлем чемпионатының кестесін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алғашқы матч 2022 жылдың 21 қарашасында өтеді деп жоспарланған. Кездесу Әл-Хаур «Әл Бейт» стадионында болады. Топтық кезең матчтары 2 желтоқсанға дейін созылады.

Плей-офф күнтізбесі төмендегідей:

1/8 финал - 3-6 желтоқсан

Ширек финалдар - 9-10 желтоқсан

Жартылай финалдар - 13-14 желтоқсан 3 орын үшін - 17 желтоқсан

Финал - 18 желтоқсан күні Лусаил қаласындағы 80 мың көрермен сыятын стадионда өтеді.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай