Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футбол: Фанаттардың жүгенсіз қылықтары үшін Сербияға ₣160 мың айыппұл салынды

2017 жылдың 8 қараша 2017 01:47

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында екі матчтағы жанкүйерлердің жүгенсіз қылықтары үшін Сербияның Футбол одағына ₣160 көлемінде айыппұл салды.

Бұл туралы ФИФА баспасөз қызметі хабарлады.

6 қазанда сербтер сырт алаңда Австия командасынан 2:3 есебімен жеңіліп қалған еді. Ал 9 қазанда өз алаңында Грузия құрамасынан басым түскен болатын (1:0). Бұл жеңіс сербтерге D тобында бірінші орынды еншілеп, әлем чемпионатының финалдық бөлігіне шығуына мүмкіндік туғызды.

Дегенмен Сербия Футбол одағы осы ойындарда жанкүйерлердің пиротехникалық құралдарды, сондай-ақ саяси және кемсітушілік баннерлерді пайдаланғаны үшін айыпталды. Бұдан басқа ФИФА серб тарапына ескерту де жасады.

Сондай-ақ стадионда фанаттардың жүгенсіз қылықтары үшін Аргентина федерациясы (₣40 мың), Босния және Герцеговина (₣40), Эстония (₣30), Грекия (₣30), Украина (₣39) жазаланды.

Автор Ерлан Қожакелдиев
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай