Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Футбол: «Астана» жеңіп, «Қайрат» қарсыласына есе жіберді

2020 жылдың 15 наурыз 2020 19:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елімізде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі екінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордалық «Астана» Ақтауда жергілікті «Каспий» командасымен кездесті. Жанкүйер көкейінде Премьер-лигаға 19 жылдан кейін оралған ақтаулық клуб алты дүркін ел чемпионына қандай қауқар көрсете алады деген сауал болған еді. Елордалық футболшылар ойын басынан тізгінді қолына алуға тырысты. Нәтижесінде олардың қатарынан 16-минутта Рунар Сигурьонссон пенальтиден есеп ашса, 18-минутта Тигран Барсегян есепті үстемелей түсті. Ал 41-минутта «Астана» сапынан Юрий Логвиненко мергендік танытты.

«Каспий» ойыншысы Александр Станиславлевич 63-минутта өз командасының биылғы біріншіліктегі алғашқы голын соқты. Олардың қатарынан 92-минутта Тарас Бондаренко елордалық қақпаға тағы бір гол соқты. Ойында «Астана» 3:2 есебімен басым түсті.

Қарағандының «Шахтері» Қостанай қаласында Алматының «Қайратымен» кездесті. Кездесу барысында қарағандылықтар 17-минутта алға шықты. Оны шабуылшы Бауыржан Тұрысбек өзінің еншісіне жазды. Кездесу 1:0 есебімен «Шахтердің» пайдасына шешілді.

Бүгін тағы екі ойын өткізілген еді. Өз алаңында «Тараз» Шымкенттің «Ордабасы» клубынан 3:2 есебімен басым түссе, Көкшетаудың «Оқжетпесі» Қызылорданың «Қайсарынан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды . Ал 14 наурызда «Жетісу» - «Тобыл» командалары 0:0, «Ертіс» - «Қызылжар» командалары 1:1 есебімен тең түсті.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай