Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футбол: «Ақжайық» сырт алаңда «Қызылжардан» басым түсті

2021 жылдың 18 маусым 2021 20:15

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан чемпионатының 16-турында Петропавлда жергілікті «Қызылжар» Оралдың «Ақжайық» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осының алдында үш рет қатарынан жеңіліс тапқан «Ақжайық» қалайда жанкүйерлерінің көңілінен шығуға тырысып бақты.

Бір жақсысы, жарақатынан айыққан украиналық қақпашы Сергей Литовченко қайтып оралды.

Бірінші таймда қос команда пәлендей өнер көрсете алған жоқ.

Екінші таймда 50-минутта оралдық Иван Антипов есеп ашты - 1:0. Бұдан кейін командалар қанша шабуылға шығып көргенмен, есеп өзгерген жоқ.




Бірінші айналымда Оралда «Қызылжар» 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. «Ақжайық» соның есесін қайырды.

Украиналық маман Владимир Мазярдың шәкірттері 24 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орынға қайта көтерілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» өз алаңында «Ордабасыға» есе жібергенін жазған болатынбыз.














Суреттер: Айбатыр Нұраш.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай