Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футбол: «Ақжайық» Анталияда оқу-жаттығу жиынын бастады

2021 жылдың 21 қаңтар 2021 20:25

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Биыл премьер-лигада ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» Анталияда оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақжайық» футбол клубының директоры Азамат Шайхының мәлім еткеніндей, команда украиналық маман Владимир Мазярдың басшылығымен жаттығуда.

«Ақжайық» құрамында бұрыннан өнер көрсетіп келе жатқан ойыншылар бар. Сонымен қатар жаңадан бірнеше футболшы сыннан өтетін болады.

«Оралдықтар Түркияда жаңа маусымға барынша тыңғылықты дайындалмақшы. Оқу-жаттығу жиыны қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты отыз күнге дейін созылуы мүмкін», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Шайхы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Криштиану Роналдудың футбол тарихындағы үздік сұрмерген атанғанын, «Ордабасы» клубына бас бапкер тағайындалғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай