Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Фукусима-1» атом электр станциясында аса қауіпті радиациялық аумақ анықталды

2021 жылдың 27 қаңтар 2021 16:21

ТОКИО. KYODO NEWS-ҚазАқпарат - «Фукусима-1» атом электр станциясының зардап шеккен үш энергоблоктарының жоғары бөлігінде радиациялық белсенділігі аса жоғары аумақ анықталды. Бұл туралы Атом энергетикасын бақылау мемлекеттік комитетінің сәрсенбі күнгі бекітілген баяндамасында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Баяндамада 2011 жылдың наурызындағы апат кезінде тасталған цезий изотропының оннан бір бөлігі жиналып қалғандығы атап көрсетілген.

Аса жоғары радиобелсенділік ошақтары бүлінген реакторлардың корпусын жауып тұратын үш темірбетон қалпақ маңындағы үш энергоблокта орналасқан. Ол жердегі сәулелену дәрежесі сағатына бірнеше зиверт болғандықтан, адамды небәрі бірнеше сағат ішінде өлтіріп жіберуі мүмкін. Сондай-ақ бұл жағдай атом станциясын бөлшектеу жұмысын баяулатады.

2011 жылдың наурызында «Фукусима-1» АЭС-те цунами салдарынан энергожабдықтау және суыту жүйелері істен шығып, үш реакторда ядролық отын балқыды, соның салдарынан сутек атылып, атмосфераға радиация тарады. Жақын маңдағы елді мекендер ластанып, 165 мың адам эвакуацияланған болатын. Қазіргі күні бұл аудан айтарлықтай тазартылған, тұрғындардың көп бөлігі мекеніне қайта оралды.

Қазір АЭС-те тарату жұмыстары жүріп жатыр, станцияны қалпына келтіру үшін кем дегенде 40 жыл қажет.


Басты сөздер: Оқиға, Экология, Әлем,
Жоғары қарай