Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Францияның курорт қаласында тұрғын үй қирады

2021 жылдың 8 желтоқсан 2021 07:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Францияның Санари-сюр-Мер қаласында жарылыс салдарынан үш қабатты ғимарат құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр, куәгерлер мен апат орнына келген құтқарушылар газдың иісін сезген.

30 жастағы ер адам көз жұмды. Құтқарушылар үйінді астынан оның әйелі мен кішкентай баласын шығарып алды, олардың өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Тағы екі адам іздестіріліп жатыр.
Көршілес үйлердің тұғындары эвакуацияланды.

Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай