Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Франциядағы наразылық: Кәсіподақтар мұнай өңдеу зауытының жұмысын тоқтатты

2020 жылдың 7 қаңтар 2020 21:03

БРЮССЕЛЬ. КазАқпарат – Франция кәсіподақтары жанар-жағармайдың зәрулігін тудыру мақсатында мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына тосқауыл қоюға тырысып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншіктің тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына тосқауыл қою шаралары бір айға созылған қоғамдық көлік жүргізушілері ереуілдерінің Франция билігінің зейнетақы реформасынан бас тартуға көндіре алмауынан басталды.

Қазіргі таңда қуаты 140 мың баррель мұнай өндіруге немесе елде өндірілетін отын көлемінің 10% өндіретін Фос-сюр-Мер мұнай өңдеу зауытының жұмысын тоқтады.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Францияның барлық мұнай өңдеу зауыттары жұмыс істеп тұр, ала йда 7 зауыттың бесеуі өз өнімдерін таратуда қиындыққа ұшырағандығын айтты

Францияның Премьер-Министрі Эдуард Филипптің айтуынша, полиция мұнай базаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр, сол себепті елде жанармайға деген зәрулік жоқ.

«Халықтың ереуілге шығуға құқы бар, алайда оларға мұнай зауыттарының жұмысына кедергі келтіруге болмайды»,-деді ол RTL радиосына.

Оның сөзінше, үкімет бүгінгі таңда зейнетақы реформасына қатысты басты талап болып отырған зейнетке шығу жасын өзгерту мәселесін кәсіподақтармен талқылауға дайын.

Айта кетейік, жоспарланған зейнетақы реформасына қарсы ереуілдер 5 желтоқсаннан бері жалғасып келеді және ол қоғамдық көлік жұмысына айтарлықтай кедергі келтіріп отыр.


Тимур Дүйсекеев


Автор Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай