Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Францияда пандемияның төртінші толқыны басталды

2021 жылдың 20 шілде 2021 15:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Францияда пандемияның жаңа толқыны басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналыны сілтеме жасап хабарлайды.

Билік COVID-19-дың төртінші кезеңін жариялады.

Үкімет өкілі Габриэль Атталдың айтуынша, елде коронавирустық пандемия толқынының жаңа кезеңі басталып, ол алдыңғыларынан анағұрылым жоғары қарқынымен таралуда.

Шенеуніктің айтуынша, бір апта ішінде коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 125% - ға артқан, олардың 80%-ы дельта штамымен ауырған. Ресми Париж сауда орталықтарындағы азық-түлік пен негізгі қажеттілік заттарын сатып алуға арналған іріктеп өткізу жүйесі сақталатынын мәлімдеді.

Карантинді бірінші рет бұзған азаматтарға € 1,5 мың еуро айыппұл салынып, келесі қайталанса бұл сомма € 9 мың еуроға дейін жетуі мүмкін.


Жоғары қарай