Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Франция шаруалары қуаңшылықтан зардап шегуде

2022 жылдың 13 мамыр 2022 08:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Франциядағы құрғақшылық шаруаларға ауыр тиіп жатыр. Биыл жауын-шашын әдеттегіден екі есе аз жауған, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-қа сілтеме жасап.

«Қазір бидай дәндерін нағыз суаратын кез. Жер толығымен құрғап, кәдімгі бетон тәрізді болып қалды. Сондықтан қосымша суару жұмыстарын жүргізбей биыл егін жинамай алмаймыз», - деді жергілікті шаруа Робен Лашо.

Бидайды сауын сиырларын бағу үшін өсіретін Робеннің кейін жүгеріні суару үшін суы таусылуы мүмкін. Метеорологтардың мәліметінше, өткен жылдың қыркүйек айынан бері елдің үштен екі бөлігінде жауын-шашынның 20 пайыздық тапшылығы байқалған. Жаһандық жылынуға байланысты мұндай құрғақ кезеңдер жиілеп барады.
Дегенмен, Робиннің айтуынша, суды табуға болады.
«Бізде қыста су тым көп, ал жазда тапшы. Жалпы алғанда, судың мөлшері жыл бойы бірдей, бірақ ол жыл мезгілдеріне қарай біркелкі таралмайды. Басқаша айтқанда, бізде үш ай бойы жаңбыр жауып, кейінгі үш ай бойы құрғақ ауа райы сақталады. Бүгінде жаңбырлы маусымда пайдалануға су қорын жинамасақ, кейін қиналып қаламыз», - деді шаруа.
Француз үкіметі кәсіподақтар өтінішімен шаруаларға көмек ретінде жаңбыр суын сақтау қоймаларын салу мақсатында жүздеген миллион еуро көлемінде қаражат бөлді.

Дүниежүзілік банктің мәліметінше, 2050 жылға қарай 216 млн адам қуаңшылық салдарынан басқа жаққа көшуге мәжбүр болады.
Басты сөздер: Еуропа, Экология, Қуаңшылық, Әлем,
Жоғары қарай