Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ForteBank-те тиімді Forte-лі күндер басталды

2020 жылдың 22 қыркүйек 2020 11:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Fortebank несие бойынша 50% дейін үнемдеуге мүмкіндік беретін арнайы ұсынысты іске қосты.

Қазіргі уақыттың талабы сол, несиесіз тірлік жасау мүмкін болмай тұр. Үлкен істердің өзі қаржылық ұйымдардың қолдауымен үстеме пайызбен берілген қаражатпен атқарылады. Қарапайым жандар да әртүрлі мақсаттарына жетуде несиенің көмегіне жиі жүгінеді. Осындай үрдіс қалыптасқаннан кейін, банктер түрлі жолдармен несиелік пайызын көтеруге тырысуда. Алайда, ForteBank-тің жобалары халықтың қалтасына ыңғайланып жасалып жатыр.

ForteBank-тің арнайы сарапшылары кәдімгі қолма-қол ақшаны қажет етпейтін клиенттермен кездесіпті. Белгілі болғандай, несие қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырмай-ақ пайдаланатын клиенттер қатары уақыт санап артып келеді. Өйткені, олар кез-келген жағдайда қаржылық есептесу операцияларында артық ақша жоғалтпайды.

Сегмент бойынша жылдық пайыздық мөлшерлемесінің ең төменгі деңгейі 7,3 %-дан жоғары бұл қаржылық ұйым тағы бір жаңалық таратуда. Енді forte.kz сайтында орналасқан несие калькуляторы арқылы несие есептеп, үйден шықпай-ақ несие алуға болады. Бұдан да тиімдісі, алған несиеңіз арқылы қаражатыңызды 50 %-ға дейін үнемдеуге қол жеткізесіз.

«Forte-лі күндер» жобасы бүгіннен бастап іске қосылды, 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Айтпақшы, ForteBank бұл күндері банктік карточкадан несие есептегені үшін қосылатын комиссия сомасын да жояды екен әрі кепілсіз беріледі. Несие алғаны үшін де комиссия ақысы болмайды. Бір қызығы, мұндай мүмкіндік бұған дейінгі нарықта болған емес.

Еске сала кетейік, Finprom.kz мәліметтері бойынша ForteBank Қазақстандағы несие нарығының көшбасшысы болып қала береді. Тек соңғы бір айда ол несие портфелін бір жыл ішінде 1,4 пайызға және 8,4 пайызға арттырды.

Толық мәліметті банктің forte.kz ресми сайтынан алуға болады.





Басты сөздер: Банктер,
Жоғары қарай