Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Forbes Ангела Меркельді жылдың ең ықпалды әйелі деп атады

2019 жылдың 12 желтоқсан 2019 20:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ГФР канцлері Ангела Меркель осымен тоғызыншы рет қатарынан Forbes америкалық журналының нұсқасы бойынша жылдың ең ықпалды әйелі деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат басылымның сайтына сілтеме жасап.

Екінші орынға Еуропалық орталық банк төрағасы Кристин Лагард шықса, үшінші орын АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосиге бұйырды. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен төртінші орынға жайғасты. Ең ыңпалды әйелдер бестігінің тізімін General Motors америкалық автокөлік корпорациясының президенті Мэри Барра түйіндеді.

Сондай-ақ алғашқы ондықтың тізіміне Microsof компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің

жұбайы, филантроп Мелинда Гейтс, Fidelity Investments америкалық қаржы корпорациясының басшысы Абигейл Джонсон, Santander испандық банк директорлар кеңесінің төрағасы Ана Ботин, IBM корпорациясының президенті Джинни Рометти, Lockheed Martin компаниясының президентіМэрилин Хьюсон кірген.

Басты сөздер: Әлем, Қоғам,
Жоғары қарай