Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Forbes 2017 жылғы ең көп ақы төленген тележүргізушілерді атады

2017 жылдың 9 қараша 2017 02:28

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Forbes журналы 2017 жылғы ең көп ақы төленген теле жүргізушілерді атады.

Бірінші орынды «Доктор Фил» бағдарламасының жүргізушісі, психолог әрі жазушы Фил Макгроу еншіледі. Ол 2016 жылдың 1 маусымынан 2017 жылдың 1 маусымы аралығында 79 миллион доллар тапқан.

Екінші - Эллен ДеДженерес ($77 млн), ал үшінші орында - Райан Сикрест ($58 млн).

Одан әрі тізім бойынша Джудит Шейндлин ($47 млн).

Бесінші орынды Саймон Коуэлл иеленді ($43,5 млн), алтыншы - Стив Харви ($42,5 млн), жетінші - Билл O'Рейли ($37 млн).

Ондықты тиісінше Шон Хэннити ($36 млн), Майкл Стрейхэн ($21,5 млн) және Хайди Клум ($21 млн) түйіндеді.

Автор Ерлан Қожакелдиев
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай