Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Фонтанда адамдарды тоқ соғу оқиғасы: Eco Almaty жағдайды түсіндірді

2021 жылдың 21 маусым 2021 00:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ««Eco Almaty» ЖШС-нің басшысы Жанна Асанова Алматы циркінің жанындағы субұрқақтағы жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жанна Асанова өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеп, субұрқақтың техникалық жағдайына тоқталды. Ол субұрқақта «Шомылуға тыйым салынады!» деген ескерту тақташасы орнатылғанын атап өтті.

«Ересектердің балаларды суға жібермеуіне осы жеткіліксіз бе? Электр қауіпнен басқа, онда электр сорғылары да бар, олар тіпті өндірушінің 100% электр оқшаулауына кепілдік бермейді - судың өзі де қауіпті. Фонтандар да су ағып жатқан жоқ, ол толтырылған су. Тіпті жиі ауыстырылатын болса да, ол адам денсаулығына, әсіресе, балалардың денсаулығына қауіп төндіреді. Неге десеңіз, үй жануарлары да, жертөлелер мен көшеде жүретін мысықтар мен иттер де субұрқақтарға шомылып, табиғи қажеттіліктерін жеңілдететіні ешкімге құпия емес. Жазда қаңғыбастар да субұрқақтарға шомылады», - деп жазды ол.

Сонымен қатар, ол оқыс оқиғаға да тоқталды.

«19 маусым күні күндізгі сағат 15.00-16.00 аралығында Қазақ мемлекеттік циркі ғимаратының жанындағы субұрқақта оқыс оқиға болды, үш адам суда жарақат алды: кәмелетке толмаған екі бала және бір ересек адам. Екінші қыздың айтуынша, ол құрбысымен бірге субұрқақтың жанында ойнап жүрген. Досы осы субұрқақта жүзуге бел буып, фонтанға түскен. Бір кезде досы бір нәрсеге ілініп, есінен танып, суға құлап түсті. Оның артынан қыздың анасы суға секіріп, ол да есінен танып қалған. Қыз оларға көмектеспек болып, олардың қолдарынан ұстаған кезде оны да тоқ соққан. Ол да есінен танып қалды. Алайда, есін тез жиды. Қосымша ақпарат бойынша, қыз қондырғының темір бөлігін қолымен ұстап алған. Куәгер үшеуін де субұрқақтан шығарып алды. Жедел жәрдем бригадасы оларды ауруханаға алып кетті»,- деп атап өтті ол.

Жанна Асанованың айтуынша, егер суда тоқ болса, онда бала ортаға дейін жете алмайтын еді.

«Маусым басталғалы бері субұрқаққа адамдар көп жиналды. Әдетте, олардың көпшілігі қауіпсіздік ережелерін ескермей, жұмыс істеп тұрған субұрқақта шомылады. Кезекші қызметкерлер үнемі балаларға да, олардың ата-аналарына да суға түсуге болмайтынын және оның қауіпті екенін түсіндіреді. Оқиға болған күні субұрқақ қалыпты режимде жұмыс істеген. Күннің бірінші жартысында кезекші техникалық маман бірнеше рет субұрқақ тостағын тазалап, жұмыс істеп тұрған субұрқақтың ішіндегі қондырмасын (ағындарды) реттеу бойынша жұмыс істеген, бұл аталған оқиға болғанға дейін субұрқақ жабдығының тұтастығы мен қауіпсіздігін растайды»,- деп жазды ол.

Бұған дейін, Алматы циркі маңындағы фонтанда бірнеше адамды тоқ соққаны туралы жазған болатынбыз.

Кейін әкімдік аталған оқиғанын мән- жайын түсіндірді.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Оқиға, Алматы, Қоғам,
Жоғары қарай