Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Fitch рейтингі қазақстандық банктің тұрақтылығын растады

2020 жылдың 24 қараша 2020 12:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23 қарашада Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі болжамды негативтен тұрақты деңгейге дейін жақсарту және ForteBank эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін (ҰДР), Қазақстандағы жалпы операциялық ортада теріс болжамның сақталып тұрғанына қарамастан, растау туралы шешім қабылдағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рейтинг агенттігі сарапшыларының пікірінше, болжамның жақсаруы мен рейтингтердің расталуы Fitch-тің резервтегі алдын-ала жоғары кіріс пен капиталдың едәуір жеткіліктілігі экономикалық рецессия, мұнай бағасының төмендеуі мен оның теріс әсерінен банк активтерінің сапасына тұрақты түрде түсетін қысымды азайтуға ықпал етеді деген болжамын айқындай түседі. Жалпы мұндай экономикалық ахуал COVID-19 пандемиясының таралуынан туып отыр. Десе де, Fitch Қазақстандағы операцияларға теріс көзқарастың қалыптаспағанын қалайды. Халықаралық рейтинг агенттігі аталған қаржы ұйымының кірісі қазіргі таңда сарапшылардың күткенінен көп провизияларға төтеп бере алатынына сенімді.

«Fitch-тің есебінше ForteBank рейтингінің жақсаруы біз үшін және біздің клиенттеріміз үшін маңызды оқиға болып табылады және банктің тұрақтылығы мен сенімділігін тағы бір мәрте растайды. Пандемиялық жағдайға байланысты орын алған күрделі нарық жағдайларына қарамастан, ForteBank өзінің барлық клиенттерін жоғары тиімділік пен қаржылық және операциялық оң нәтижелерді сақтай отырып, қолдау мен қаржыландыруды жалғастыруда», - деп атап өтті ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили бұл жағымды жаңалыққа орай.




ForteBank - бұл елдегі ең тұрақты, өтімді және жақсы капиталдандырылған қаржылық ұйымдардың бірі. AQR нәтижелері ForteBank-тің жоғары сенімділігі мен тұрақтылығын растады. Банктің 20 филиалы және 100-ге жуық бөлімшесі жұмыс істейді. 2018-2020 жылдары ForteBank Global Finance нұсқасы бойынша Қазақстанның ең үздік банкі және 2019 жылы Asiamoney нұсқасы бойынша Қазақстанның ең үздік банкі болып танылды.


Басты сөздер: Банктер,
Жоғары қарай