Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Филиппиндегі тайфун: 25 мыңнан астам адам эвакуацияланды, жүздеген кентті су басты

2020 жылдың 26 қазан 2020 14:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Молаве» тайфуны салдарынан Филиппиндегі Манила қаласынан оңтүстікке қарай орналасқан жүздеген кентті су басты. Ел билігі 25 мыңнан астам адамды қауіпсіз аудандарға эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press-ке сілтеме жасап.

Азаматтық қорғаныс басқармасының мәліметінше, эвакуацияланған 25 мың адамнан басқа, тағы 20 мың азамат арнайы жабдықталған мектептер және үкіметтік ғимараттарды паналап отыр. Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен-Шығыс Миндоро провинциясы. Мұнда жүздеген кент су астында қалды, ауылшаруашылық алқаптар бүлінді, құлаған ағаштар жолдарды бөгеп тастады. Көптеген елді мекендер электр жарығынсыз отыр.

«Молаве» тайфуны батысқа қарай бағыт алған, жел екпіні cағатына 180 шақырымға жетеді.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай