Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Филиппинде өрт салдарынан 8 адам мерт болды

2022 жылдың 2 мамыр 2022 23:32

МАНИЛА. BBC. ҚазАқпарат – Филиппинде болған өрт салдарынан 8 адам мерт болды, олардың арасында балалар да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, Филиппин астанасы Манила маңындағы көптеген үйлерде болған өрт салдарынан 8 адам қаза тапқан, оның 6-уы балалар.

Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 05-00-дер кезінде басталған өрттің салдарынан 80 үй жанып кетті. Қайғылы жағдай Кесон-Ситиде орналасқан Филиппин университетінің кең ауқымды кампусының ішіндегі тұрғындар тығыз қоныстанған ауылдағы тұрғын үйдің екінші қабатынан басталды.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

Өрт сөндіруші офицер Грег Бичайда AFP ақпарат агенттігіне өртті сөндіруге екі сағат астам уақыт кеткенін хабарлады.

«Өрттің жылдам тарағаны соншалық зардап шеккендер үйлерінен шығып үлгермеді»,-деді ол.

Сондай-ақ оның сөзінше, мерт болғандардың 6-уы бала, алайда олардың нақты жасына қатысты ақпарат таратылмай отыр.

«Мұндағы үйлер жеңіл материалдардан салынған. Өрт шыққан кезде адамдар не істерін білмей абдырап қалды. Біздің станциямыз жақын болғанымен олар бізге хабарласа алмады»,-деді Бичайда.

Айта кетейік, Филиппин әлемдегі халық ең тығыз орналасқан мемлекеттердің бірі.

Мыңдаған адам халық шектен тыс тығыз орналасқан аймақтарда тұрады және онда өрт оқиғалары жиі болып тұрады.


Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Оқиға, Өрт, Әлем,
Жоғары қарай