Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Филиппин президенті коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінді

2020 жылдың 12 наурыз 2020 17:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 74 жастағы Филиппин президенті Родриго Дутерте коронавирусқа тест тапсырады. Бұл туралы CNN Дутертенің көмекшісі Бонга Гоға сілтеме жасап хабарлады.

Го өзі де, Дутерте де «дені сау екендігіне, қоғаммен байланыс жасауға және өз міндетін атқара алатынына көз жеткізу үшін» тестілеуден өтіп жатқандықтарын мәлімдеді.

Мұндай шешім Филиппин үкіметіндегі бірнеше мүшенің тесті коронавирусқа оң реакция беріп, шенеуніктер карантинде жатқаннан кейін қабылданған.

Филиппинде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 35 адамды құрап отыр.


Басты сөздер: Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай