Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Фатима Жақыпова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

2019 жылдың 13 қараша 2019 10:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің Қаулысымен Фатима Надырқызы Жақыпова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыпова қызметінен кететіні жайлы жазған болатынбыз.

Еске салсақ, бұған дейін Фатима Жақыпова ғылыми дәреже мен атақты заңсыз тағайындау мәселесі бойынша өзіне қатысты айыптауға жауап беріп, айыптаушыларды сотқа бергендігі туралы хабарлаған болатынбыз.

«Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде сыбайлас жемқорлық және ғылыми дәреже мен атақты заңсыз тағайындау туралы маған қатысты ақпарат тарап жатыр. Бүгін Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы диссертацияны тексерді. Қазақстанда жазылатын ғылыми еңбектерді плагиатқа тексеретін жалғыз бағдарлама тек аталған орталықта бар» деген вице-министр анықтама скриншотын көпшілікке ұсынған еді.

Жоғары қарай