Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Facebook-тың аудиториясы 1,94 млрд. адамға жетті

2017 жылдың 4 мамыр 2017 08:58

АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісін қолданушылар саны әлем бойынша 1,94 млрд. адамға жетті. Бұл туралы сәрсенбі күні жарияланған аталмыш компанияның осы жылдың бірінші тоқсанындағы корпоративтік есебінде айтылды, деп хабарлайды ТАСС.

Құжаттамада хабарланғандай, әлеуметтік желіге айына бір рет кіретін қолданушылар саны осы жылдың 31 наурызындағы көрсеткіш бойынша 1,94 млрд. адамды құрайды. 2016 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 1,65 млрд адамға жеткен, салыстырмалы түрде 17%-ға артқан. Сондай-ақ, қазіргі таңда шамамен 1,28 млрд адам Facebook-ке күн сайын кіреді. Яғни, өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда, 18%-ға өскен. Ол кезде қолданушылар саны 1,09 млрд-ты құраған.

Facebook-тің ақшалай түсімі есептік кезеңде $8,03 млрд, ал таза пайда - 3,06 млрд долларға жетіп тұр. 2016 жылы аталмыш әлеуметтік желінің ақшалай түсімі $5,38 млрд, ал таза кірісі - 1,73 млрд. долларды құраған.

Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай