Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Эверестен шыққан қоқыс арт-нысандарға айналады

2021 жылдың 21 қаңтар 2021 18:47

КАТМАНДУ. ҚазАқпарат – Непалда Эверестен шыққан қоқыс өнер туындыларына айналады. Осылайша, ел билігі әлемдік қауымдастықты дүние жүзіндегі ең биік таудың рекордтық ластануы туралы ескертуге тырысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Альпинистер мен трекерлер тастаған қолданылған оттегі баллондары, жыртылған шатырлар, арқандар, сынған баспалдақтар, канистрлер және пластикалық орамдар 8848,86 метрлік шың мен оның айналасындағы жерлерді ластап жатыр.

Жоба жетекшісі және Непалдағы келушілерге арналған ақпарат орталығының және қоқысты қайта өңдеу нысанының тең құрылтайшысы Томми Густафссон шетелдік және жергілікті суретшілер қалдықтардан сәндік өнер жасаумен айналысатынын, сонымен қатар олар тұрғындарды осыған үйрететінін айтты. Орталықтың өзі Сьянгбочта 3,7 мың метр биіктікте, Эверестің базалық лагеріне апаратын негізгі жолда орналасқан.

«Біз қатты қалдықтарды қымбат өнер туындыларына қалай айналдыруға болатынын және жұмыс орындары мен кірісті қалай қамтамасыз етуге болатынын көрсеткіміз келеді. Біз адамдардың қоқыс туралы түсінігін өзгертеміз деп үміттенеміз», - деді Густафссон Reuters агенттігіне.


Басты сөздер: Әлем, Экология,
Жоғары қарай