Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Еуропарламент Түркиядағы босқындар үшін қосымша €485 млн бөлді

2020 жылдың 11 шілде 2020 03:13

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат- Еуропалық парламент (ЕП) Түркиядағы босқындарға қолдау көрсету үшін қосымша 485 млн еуро бөлуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Бұл шешім жұма күні Брюссельде Еуропарламенттің отырысында қабылданды.

Еуропарламент Түркияда, Иордания мен Ливандағы босқындардың қажеттілігіне қосымша қаражат бөлуді мақұлдады.
Шешімді қабылдауға 557 депутат дауыс берсе, 72-сі қарсы, ал 59-ы қалыс қалды.
Қаржы босқындарды әлеуметтік бейімдеуге және олардың балаларына оқытуға жаратылатын болады.

100 млн еуро Иордания мен Ливанға босқындарға білім беруге және медициналық қызметке бөлінеді.

Аталған шешім Еуроодаққа мүше елдер мақұлдаған жағдайда күшіне енеді.
Басты сөздер: Түркия, Еуропа, Қаржы,
Жоғары қарай