Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еуропарламент Еурокомиссияның жаңа құрамын бекітті

2019 жылдың 27 қараша 2019 18:26

СТРАСБУРГ. ҚазАқпарат - Еуропалық парламент Урсула фон дер Ляйен бастаған Еуропалық Комиссияның жаңа құрамын бекітті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Өкілеттігі 2024 жылдың күзіне дейін жалғасатын жаңа Еурокомиссия 1 желтоқсанда жұмысқа кіріседі.

Ұсынылған құрамды 461 депутат қолдаса, 157 депутат қарсы дауыс берді, 89-ы дауыс беруден бас тартты.

Страсбургтегі пленарлық дауыс беру Еуропалық парламент тарапынан ұзаққа созылған еурокомиссарлар лауазымына үміткерлерді таңдау процесін аяқтайды.

Жаңа Еурокомиссия 1 қарашада өз жұмысына кірісуі тиіс, алайда қыркүйекте басталған еурокомиссарларды бекіту процесі еуродепутаттардың Франция, Румыния және Венгрия үміткерлерін қабылдамауына байланысты ұзаққа созылды.

Еуропалық комиссия 27 мүшеден құралмақ, себебі Ұлыбритания өз өкілін ұсынудан бас тартты.

Фото: reform.by

Автор Ақбөпе Әбдрасул
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай