Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Еуропарламент депутаты: Қазақстан – Еуропа одағының маңызды серіктесі

2022 жылдың 21 қаңтар 2022 09:28

БРЮССЕЛЬ-СТРАСБУРГ. ҚазАқпарат – Еуропарламенттегі «ЕО-Қазақстан» достық тобының жетекшісі Рышард Чарнецкий Еуропа одағы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынасқа қатысты пікір білдірді.

«Ең алдымен, біз Қазақстанда адамдар өліміне байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Біз одан әрі шиеленісудің алдын алу, зорлық-зомбылыққа кез келген арандатушылықтарды болдырмау, ұстамдылық таныту және тәртіпсіздікті басқа мақсаттарда пайдалану әрекеттеріне тосқауыл қою маңызды екенін есте ұстауымыз керек.

Қазақстан – Еуропа одағының маңызды серіктесі, онымен кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім орнатылған. Өңірдегі тұрақтылық ЕО мен Қазақстан арасындағы болашақ экономикалық қатынастар үшін шешуші мәнге ие.

Еуропалық парламент мүшесі және ЕО-Қазақстан Достық тобының төрағасы ретінде мен тұрқтылыққа қайтып оралудың позитивті жолын табуда өз қолдауымды ұсынамын» дейді ол.


Жоғары қарай