Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еуропаның бірнеше елі жаңа карантин шараларын қабылдауда

2020 жылдың 25 қараша 2020 21:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропаның бірнеше елі коронавирустың таралуына байланысты жаңа шаралар қабылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ведомствоаралық комиссияның telegram каналына сілтеме жасап.

Ұлыбританияда 15 желтоқсаннан бастап COVID-19-ды жұқтыру қаупі жоғары елдерден келген адамдарды коронавирус инфекциясына тестілеудің жаңа жүйесі жұмыс істей бастайды. Міндетті өзін-өзі оқшаулау мерзімі тест нәтижесі теріс болған жағдайда бес күнге дейін болады.


Швецияда шектеу шаралары күшейтілуде. Сейсенбіден бастап ел тұрғындарына 8 адамнан артық жиналуға тыйым салынды, жерлеу рәсіміне 20 адамнан артық қатысуына рұқсат етілмейді.
Италияда соңғы тәулікте 853 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болған. Ел үкіметі алдағы мерекелерден кейін COVID-19-дың үшінші толқынын болдырмау мақсатында алдын алу шараларының жоспарын дайындауда.


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус, Еуропа,
Жоғары қарай