Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еуропалық комиссия Сан-Маринода салынған «Спутник V» сертификаттарын мойындады

2021 жылдың 3 тамыз 2021 16:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуропалық комиссия Сан-Маринода салынған «Спутник V» сертификаттарын мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды фармацевтикалық кешенінің Telegram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

«Спутник V» препаратымен вакциналанған азаматтар Еуропаға еш кедергісіз саяхаттай алады. Еуропалық комиссия коронавирусқа қарсы күресте ресейлік препарат қолданылатын Сан-Марино екпе сертификаттарын мойындады. Сан-Маринода берілген иммундау құжаттары ЕО мен Шенген аймағындағы елдерде заңды. Бұл туралы Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мәлім еткен. Сан-Маринода «Спутник V» препаратын қолдануға 2021 жылдың ақпан айында рұқсат берілді. Ресейлік препаратпен вакцинациялау республикаға коронавирус инфекциясын жеңген Еуропадағы алғашқы ел болуға мүмкіндік берді», делінген хабарламада.



Жоғары қарай