Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Еуропадағы сатушысыз дүкендер Қазақстанда да ашылды - Бектенов

2019 жылдың 14 наурыз 2019 17:28

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы үш айда Қазақстанда 3 мыңнан астам адалдық дүкені ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов айтты.

«Сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтуда қоғамдық сананы өзгерту маңызды. Бұл бағытта сатушысы жоқ Адалдық дүкендерінің ашылуы үлкен жаңалық болды. Дүкенге еш бақылау жасалмайды және тауар алған адам да ақшаны өз еркімен төлеп кетуі тиіс. Осылайша адамдардың бойында моральдық қасиеттер дамиды, парасаттылық қалыпты өмір салтына айналады», - деді Олжас Бектенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюрода өткен брифингте.

Ол Еуропа елдеріндегі адал сауда туралы бейнероликтің Қазақстанда кеңінен талқыланғанын еске салды.

«Өткен жылы WhatsApp» желісінде еуропалықтардың гүл алқабынан қажетті гүлді алып, бақылау мен камера болмаса да тиісті ақшаны қалдырып кететіні қызу талқыланды. Қазақстанда мұндай тәжірибе жүзеге аспайды деп кесіп айтты. Адалдық дүкендері ашылғанда да сенбегендер табылды. Халықтың мұндай жүйеге дайын еместігін жеткізді. Нәтижесінде 3 айда елімізде 3 455 адалдық дүкені ашылды», - деді О. Бектенов.

Дүкендер оқу орындары мен мемлекеттік органдарда көптеп ашылған.

«Тіпті бұл бастамаға қауіппен қараған кәсіпкерлер көзқарасын өзгертті. Алматы метросында «Адалдық турникеті» ашылды. Нәтижесінде, оң өзгерістерге қоғамымыздың дайын екенін, Қазақстанның ешбір елден кем түспейтінін көріп отырмыз», - деді Олжас Бектенов.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер:
Жоғары қарай