Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еуропа лигасы: «Қайрат» қарсыласына есе жіберді

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 01:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысында алматылық «Қайрат» Израильдің «Маккаби» (Хайфа) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл кездесу Израиль жерінде өтті. Ойын жеңімпазы бір ғана кездесу арқылы анықталды.

Кездесуде алаң иелері есеп ашты. Оны 31-минутта Юваль Ашкенази өзінің еншісіне жазды. Ал 45-минутта «Қайрат» шабуылшысы Вагнер Лав таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңнің 72-минутында алаң иелері қатарынан Никита Рукавица өз командасын қайта алға шығарды. Ойында «Маккаби» командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Енді олар жарысты жалғастыратын болды.

Естеріңізге сала кетелік, бүгін аталған турнирдің екінші іріктеу сатысында қазақстандық «Астана» және «Қайсар» жарыс жолынан шығып қалды. Ал бірінші іріктеу сатысында «Ордабасы» қарсыласына есе жіберіп қойған еді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай