Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еуропа лигасы: «Астана» және «Қайсардың» қарсыластары елімізге келді

2020 жылдың 16 қыркүйек 2020 21:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуропа лигасында сынға түсетін «Астана» және «Қайсар» клубтарының қарсыластары елімізге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, аталған турнирдің екінші іріктеу сатысында өз алаңында «Астана» - Черногорияның «Будучность», «Қайсар» - Кипрдің АПОЭЛ клубтарын қабылдайды. Сондай-ақ, Алматының «Қайраты» Израильде «Маккаби» (Хайфа) командасымен шеберлік байқасады.

«Астана» биыл сегізінші мәрте бақ сынап отыр. 2015 жылы Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде ойнаса, 2016, 2017, 2018, 2019 жылдарда Еуропа лигасы топтық кезеңінде ел намысын қорғады. 2017 жылы Еуропа лигасында турнирдің 1/16 финалына дейін жетті.

«Астана» мен «Будучность» командалары арасындағы ойын ертең 17 қыркүйек елорда уақытымен сағат 20.00-де басталады. Кездесу Алматы қаласындағы орталық стадионда өткізіледі.

«Қайсар» еурокубок ойындарында тұңғыш мәрте қатысады. Команда былтыр Қазақстан кубогын төбесіне көтерді. Қызылордалық клуб 1999, 2000 жылдарда Азия кубок иелері кубогында еліміздің атынан қатысқан болатын.

«Қайсар» мен АПОЭЛ командалары арасындағы ойын 17 қыркүйекте елорда уақытымен 18.00-де басталады. Кездесу Шымкент қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда болады.

Ал «Қайрат» еурокубок ойындарына биыл оныншы мәрте қатысады. 2005 жылы Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында бақ сынады. Қалғанында Еуропа лигасы (УЕФА кубогы) турнирінде ел намысын қорғады.

«Маккаби» (Хайфа) мен «Қайрат» арасындағы кездесу ертең елорда уақытымен 23.00-де басталады.

Қазақстандық клубтардың қатысуымен өтетін барлық ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі .


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай