Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Еуропа елдері туристерді қабылдауға дайындалып жатыр

2020 жылдың 25 мамыр 2020 11:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропа елдері туристерді қабылдауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews агенттігіне сілтеме жасап.

Мәселен, Испаниядағы эпидемиологиялық жағдай 8 маусымнан кейін футболдан ұлттық чемпионатты бастап, ал жазда шетелдік туристерді қабылдауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл туралы елдің премьер-министрі Педро Санчес мәлім еткен.

«Ла Лига» басшылығы алдағы күндері наурыз айында пандемия салдарынан тоқтатылған жарыс ойындарының кестесін келісуді жоспарлап отыр. Үкімет басшысы осы арада туристік маусымның ашылуына қарсы мейрамханалар, қонақүйлер мен жағажайларды дайындауға шақырды.

«Испания жыл сайын 80 миллионнан астам қонақты қабылдайды. Шілде айынан бастап шетелдік туристер елге қауіпсіз жағдайда келе алатынын жариялаймын. Осы кезден бастап, шетелдік туристер елімізде демалысын жоспарлай алады», - деді ол.

Ал Италия Еуроодақ елдерінен келетін туристерді ресми түрде 3 маусымнан қабылдауға әзір. Мұнда мұражайлар жұмысын бастауда. Бейсенбі күні – Колизей, одан кейін Флоренциядағы Уффици галереясы ашылады. 1 маусымнан бастап билеттерін брондаған келушілер Ватикан мұражайларын тамашалай алады.

Грекия елі де туристердің ағынына дайындық үстінде. Енді, эпидемиологиялық ахуалы жақсы мемлекеттердің туристері бұл елге коронавирусқа тест тапсырмай және карантинге оқшаулаусыз келе алады.

Хорватия үкіметі өз туристері үшін шекараны 15 маусымнан кейін ашады.

Франция билігі ішкі туризмнің маңызын ерекше атап өтуде. Елдің премьер-министрі Эдуар Филипп туризм секторына қатысты жоспарларды келесі аптада ұсынуды уәде етті.

Германияда да карантин шаралары бара-бара жұмсарып келеді. Канцлер Ангела Меркель ел азаматтарын асықпай әрі ерекше сақтықпен әрекет етуге шақырды.

Еуропада коронавирус жұқтырудың 2 миллионнан астам оқиғасы тіркелген, 170 мыңға жуық адам қайтыс болды.

Соңғы мәліметке сәйкес, әлемде індетке шалдыққандардың жалпы саны 5,5 миллионға жуықтады.


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус, Карантин,
Жоғары қарай