Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еуропа ауруханаларында дезинфекция жасайтын роботтар пайда болады

2020 жылдың 23 қараша 2020 21:31

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Коронавирустың таралуына қарсы күрес және Еуропалық одаққа мүше мемлекеттерге қажетті жабдықтарды беру шаралары аясында Еуропалық комиссия дезинфекция жасайтын 200 роботты сатып алуды бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.


Жабдықтар бүкіл Еуропа бойынша ауруханаларға таратылады. Бұған дейін Одаққа мүше көптеген мемлекеттің медициналық мекемелері COVID-19 жұқтырған пациенттердің стандартты палаталарын ультракүлгін сәулемен небәрі 15 минут ішінде зарарсыздандыратын роботтарға қажеттілігін білдірді. Осылайша, олар қауіпті вирустың таралуын болдырмауға және азайтуға көмектеседі. Дезинфекциялау процесін оператор ультракүлгін-сәуленің әсерін болдырмау үшін бөлмеден тыс жерде бақылай алады.

«Біз өз азаматтарымызды қорғау үшін әрекет етеміз. Енді біз дезинфекция жасайтын роботтарды ауруханаларға орналастырамыз. Осылайша азаматтарымыз осы технологияны қолдана алады. Алдағы аптада роботтар ЕО ауруханаларына жеткізіледі деп күтілуде», - деп хабарлады ЕО ішкі нарық жөніндегі комиссары Тьерри Бретон.

Жалпы, пандемиямен күресте ЕО-ның жедел медициналық қолдау құралдары 12 миллион еуроға дейінгі арнайы бюджетті құрайды.

Авторы: Арнұр Рахымбеков

Жоғары қарай