Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еуроодақ ортақ фармацевтикалық стратегияны қабылдады

2020 жылдың 25 қараша 2020 22:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Еуропалық комиссия Еуропаға арналған Фармацевтикалық стратегия құжатын қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Құжат пациенттерді инновациялық және қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, сонымен қатар Еуроодақтың бәсекеге қабілеттігін, инновациялық әлеуеті мен фармацевтикалық өнеркәсібінің бекемдігін қолдауға бағытталған. Стратегия Еуропаға пандемия кезеңінде тасымалдың сенімді легін жолға қоя отырып, фармацевтикалық қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді.

Стратегия Еуропалық одақтың мығым денсаулық сақтау саласын құруда маңызды компонент болғалы тұр. Бұған дейін Еуропалық комиссияның президенті Урсул вон дер Ляйен осылай деген болатын.

Еуропалық комиссия басшысының айтуынша коронавирус пандемиясы ЕО елдерінің денсаулық сақтау жүйесін жақсарту қажеттілігінің өмірлік маңызы зор екенін көрсетіп берген.

«Еуропалық одақ дәл қазіргі уақытта экономикалық және әлеуметтік қиындықтарды бастан өткеріп жатырн. Ал қабылданған бұл стратегия Еуропа мен еуропалықтар осындай дәрі-дәрмектің пайдасын көретініне кепілдік береді. Мен одаққа мүше мемлекеттер мен парламентті алдағы үш жылда және одан кейінгі кезеңдерде енгізілетін бұл амалды қолдауға шақырамын», - деді У. Ляйен.

Еуропалық комиссияның еуропалық өмір сипатын ілгерілету жөніндегі вице-президенті Маргаритис Схинас бұдан бұрынғы уақытта тиімді әрі қауіпсіз дәрі-дәрмек, вакцина мен ем-дом шаралары аурулардың негізгі себептерімен күресуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

«Қабылданған стратегия Еуроодақтың фармацевтикалық өнеркәсібін қолдайды. Оның бәсекеге қабілеттілігі мен инновациясын демеп, пациенттердің қажеттілігін қанағаттандырады», - деді Еуропалық комиссияның өкілі.

Жоғары қарай