Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еуроодақ лидерлері «Үлкен жиырмалық» саммиті алдында ЕО басымдықтары туралы айтты

2020 жылдың 22 қараша 2020 02:10

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Лайен және Еуропалық Кеңес басшысы Шарль Мишель бүгін Брюссельде өткен саммит барысында G20 лидерлерінің виртуалды саммитінің алдында ЕО басымдықтары туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Екі саясаткер де 21-22 қараша күндері өтетін «Үлкен жиырмалық» саммитінде ЕО атынан өкілдік етеді. Мәлімдемеде коронавирустан зардап шегіп отырған әлемде ЕО-ның аталған дағдарыстың тереңдеп бара жатқан салдарымен күресте аянып қалмайтыны айтылған. Сол себепті олардың пікірінше, қазір түрлі зерттеулер мен вакцина және өзге де терапевтік құралдарды дайындауға инвестиция сала берген жөн. Оларды әлемде барлық адамдар ешқандай бөліп-жарусыз бірдей ала алатындай болуы керек.

«ACT-Accelerator мен оның COVAX-сы біздің басты құралдарымыз болып табылады»,-дейді ЕО лидерлері.

Брюссель G20 лидерлерін әлем мемлекеттерінің аталған бастамаларын қаржыландыра беруге, осы бағытта жыл соңына дейін 4,5 млрд АҚШ долларын бөлуге шақырмақ.

ЕО сонымен қатар Еуропа елдерінің және дамушы елдер мен кірісі төмен мемлекеттердің экономикасын қолдауға күш салады. Бұл ретте аталған елдерге қарыздарын қайтаруды 2021 жылға дейін тоқтата тұрып, одан соң да тағы 6 ай мүмкіндік беру керек.

Әлемге төнген қауіп-қатерді құрылыс мүмкіндіктеріне айналдыра отырып, ЕО «Жиырмалық тобында» жасылға негізделген, инклюзивті, тұрақты, цифрлық өсім бағытында тұрақты қалпына келтіруді жетілдірмек. Бұл жұмыстар 2030 жылға дейін бағытталған күн тәртібі мен оның тұрақты даму бағытындағы мақсаттарын орындау арқылы жүзеге асырылмақ.

Саммит сонымен қатар ЕО-ның еркін әрі әділ сауданың халықаралық тәртібін жақтайтынын тағы бір рет дәлелдеуге мүмкіндік береді.

ЕО гендерлік теңдік пен лайықты еңбек шартын қолдайды. Сонымен қатар бала еңбегін пайдалануды жою, мәжбүрлі жұмысқа жегу, адам саудасы мен қазіргі заманғы құлдықпен күреске күш салады.


Арнұр Рахымбеков


Жоғары қарай