Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Еуро-2020: Қазақстан өз алаңында Кипрден жеңіліп қалды

2019 жылдың 10 қазан 2019 22:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатындағы кезекті ойынында өз алаңында Кипрді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қос құрама I тобында сынға түседі. Алғашқы алты турдан кейін екеуі де жеті ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші және төртінші орындарда келеді . Сондықтан бүгінгі кездесуде құрамалар жеңіске жету жолын іздейтіні белгілі еді.

Ойынның бірінші кезеңінде қазақстандық футболшылардың басымдығы айқын аңғарылып тұрды. Дегенмен екі құрама да жылдам сгоғып кете алған жоқ.

Алғашқы гол 34-минутта соғылды. Қарсыластар қателігін тиімді пайдаланып кеткен Темірлан Ерланов алаң иелерін алға шығарып кеткен болатын. Ал Кипр құрамасы сапынан Пиерос Сотириу 73-минутта таразы басын теңестіріп кетті. Олар 84-минутта алға шықты. Бұл голды Николас Иоанну соғып кетті. Қазақстан құрамасы осылайша қарсыласынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Сондай-ақ, бүгін I тобында Ресей мен Шотландия, Бельгия мен Сан-Марино ойындары өтеді. Ал 13 қазанда Қазақстан мен Бельгия кездессе, Кипр мен Ресей, Шотландия мен Сан-Марино шеберлік байқасады.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай