Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 405.77
EUR 457.91
RUB 5.77
CNY 57.42

ESPN Головкиннің келесі қарсыласының есімін атады

2019 жылдың 9 қазан 2019 19:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ESPN Deportes басылымының бокс сарапшысы Бернардо Пилатти Генннадий Головкин енді кіммен жекпе-жек өткізетінін болжады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Меніңше, Головкиннің келесі қарсыласы - Деметриус Андраде. Ол чемпион әрі DAZN-мен келісімшартқа отырған», - дейді сарапшы.

Еске салайық, 5 қазанда қазақстандық былғары қолғап шебері украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, орта салмақ санатында IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулын қайтарып алған болатын.

Жоғары қарай