Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ескендір Сүлейменовке қатысты жол апаты: Туыстар іске араласқан жоқ - полиция

2018 жылдың 28 маусым 2018 16:55

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Ішкі істер департаменті Олжас Сүлейменовтің немересі - Ескендір Сүлейменовтің өліміне әкеп соққан жол апатының мән-жайын анықтауға ешбір туыстардың араласпағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оның (Мұхитованың - авт.) әкесі, туыстары немесе өзге де адамдардың іске ықпал ету ықтималдылығы турасында ешкімнің араласпағанын - сенімді түрде мәлімдеймін. Тергеудің толыққанды жүргізілуіне ешқандай кедергіні көріп тұрған жоқпыз. ҚР ҚПК 24-бабына сәйкес біз тергеудің жан-жақтылығын, толыққандылығы мен шынайылығын қамтамасыз етеміз», - деді қалалық ІІД-де өткен баспасөз мәслихатында департамент бастығының орынбасары Санжар Әділов.

Айта кетсек, Санжар Әділов күдікті жүргізушіге қатысты кепіл ретіндегі бұлтартпау шарасы қолданылғанын хабарлаған болатын. Кепіл сомасы - 601 250 теңге. Сондай-ақ жол апаты кезінде оның рульде мас күйінде болмағаны атап өтілді.

Астанадағы жол апатында Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы немересі Ескендір Сүлейменов мерт болғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай