Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Есірткі жарнамалаған қостанайлық 6 жылға сотталуы мүмкін

2020 жылдың 21 қараша 2020 05:18

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Рудный қаласының полицейлері есірткіні жарнамалаған жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рудный қаласының аумағында «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері үй қабырғаларына есірткі жарнамасын жазған тұрғынды қолға түсірді.

«Жедел уәкілдер 22 жастағы жергілікті азаматты ұстады. Ер адам үйлердің қабырғаларына интернет-сайттардың сілтемелерін жазған.

Аталған факт Қылмыстық кодекстің 299-бабында көзделген «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді. Баптың санкциясы алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді», делінген ведомство хабарламасында.

Республикалық жедел алдын алу іс-шарасы әлі де жалғасады.


Жоғары қарай