Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Есілде балықтардың жаппай су бетіне шығу себебі анықталды

2020 жылдың 28 мамыр 2020 10:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК елордадағы Есіл өзенінде балықтардың ерекше құбылысын тексеру мақсатында сынамалар алып, су сапа стандарттарына сәйкес келмейтінін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидрометтің» астаналық мамандары балықтардың жаппай су бетіне шығуын анықтау үшін Есіл өзенінің үш жерінен сынама алған болатын. Бірінші күннің талдау нәтижелерінде нормадан ауытқулар табылмады. Судың сапасына талдау 42 физика-химиялық көрсеткіш бойынша жүргізілуде.

Кейін, оттегіні химиялық тұтыну 37,1-47,2 мг/дм3 мөлшерінде екені анықталды. Бұл - шекті нормадан 1,1-1,3 есеге көп. Мұндай жағдай суға сынама алынған барлық нүктеде байқалған.

«Ақпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне жіберілді», - делінген «Қазгидромет» ақпаратында.

Енді, 31 мамырда 5 тәулік ішінде дайын болатын «оттегіні биохимиялық тұтыну (5)» сынамасының нәтижесі жарияланатын болады.


Жоғары қарай