Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Есіл қаласында 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

2021 жылдың 30 қыркүйек 2021 21:36

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Есіл қаласында 45 пәтерлі жаңа тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Нысанды келер жылдың ортасында пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

«Солтүстік» ықшамауданы 6 мекен жайында орналасқан 45 пәтерлі тұрғын үй облыстық бюджеттен алынған несие есебінен салынып жатыр.

Құрылыс жұмыстарын Алматы қаласынан келген мердігер «G5 Maintenance Services» жауапкершілігі шектеулі серіктесігі өолаға алған.

Мұндағы келісімшарт құны - 432 882 миллион теңге.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, бүгінде таңда тұрғын үйдің іргетасын қалау (жертөле қабырғаларын салу) бойынша жұмыс жүргізілуде.

Құрылыс жұмысына жергілікті 10 адам тартылған.

«Соңғы жылдары ауданымызда тұрғын үй құрылысы жанданып келеді. Осының арқасында жаңа жұмыс орындары ашылып, аудан тұрғындары нәпақасын тауып жүр. Тұрғын үй құрлысына келетін болсақ, оны 2022 жылдың шілде айында аяқтап, тапсыруды жоспарлап отырамыз. Бұл дегеніміз сол кезде аудан орталығында 45 отбасы баспаналы болады деген сөз», - дейді аудан әкімдегілер.


Жоғары қарай