Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Есігін құлыптауды ұмытқан кейуананың үйін тонап кетті

2020 жылдың 1 сәуір 2020 05:21

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны 79 жастағы зейнеткердің үйіне түсіп, 200 мың теңгелік теледидарын ұрлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жуықта Үлбі полиция бөлімшесіне келген қарт адам белгісіз біреудің үйіне түскенін айтып арыз жазды. Анықталғандай, тонаушы құлып салынбаған есік арқылы ішке кіріп, ас бөлмедегі үстел үстінде тұрған «LG» маркалы теледидарды ұрлап кеткен. Осының салдарынан жәбірленушіге 200 мың теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген.

«Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары көп ұзамай күдіктіні қолға түсірді. 41 жастағы жұмыссыз ер адам өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігі (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Жоғары қарай