Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ешбір дәрігер медбикесіз жұмыс істей алмайды - Әлеуметтік сақтандыру қоры өкілі

2022 жылдың 12 мамыр 2022 22:47

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 12 мамыр – халықаралық медбикелер күні атап өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде өңірдегі медициналық мекемелерде 12 мыңға жуық медбике бар. Олар әр науқастың сауығып шығуы үшін тер төгуде.

«Бірде-бір аурухана мен ешбір дәрігер медбикесіз жұмыс істей алмайды. Олардың жауапкершілігі мол, жүгі ауыр. Бүгінде медбикелердің рөлі артқаны сөзсіз. Дәрігерлердің теңдей серіктесіне айналды десек те артық емес», - деді «Әлеуметтік сақтандыру қоры» ШҚОФ директоры Ғалымжан Әбілов.

Сондай-ақ медбикелерді арнайы құттықтаған облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гульмира Сағидуллина тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда медбике жұмысына тікелей байланысты екендігін жеткізді.

«Қалада және алыс шалғайдағы ауылдарда еңбек етіп жатқан медбикелер медицина саласының аса маңызды тетігі. Уақыт талабына сәйкес орта медперсоналдың емдеу процесіне қосар үлесі артқан. Дәрігердің науқасқа тағайындаған емін жүргізу осы маманға жүктеледі. Алғашқы медициналық көмекті де медбикелер көрсетеді. Екі жыл көлемінде ауыр індетпен күресуде медбикелердің рөлі аса үлкен болды. Артылған жүкті абыроймен көтеріп келе жатқан өңіріміздің аталмыш сала мамандарын бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз», - деді ол.

Мерекеге орай облыста жемісті еңбек етіп жүрген медбикелерге Алғыс хаттар табысталды.












Жоғары қарай